Мемлекет және қоғам қайраткері, Сенаттың бұрынғы депутаты, еңбек ардагері, экономика ғылымдарының докторы, Ұлттық ғылым академиясының академигі Бақберген Досманбетов Тұңғыш Президент жұқпалы аурудан аман-есен айығатынына сенім білдірді.
Аса қадірменді Нұрсұлтан Әбішұлы! Бүгін ақпарат көздерінен сіз тапсырған соңғы тест сынамасы коронавирус инфекциясын растады деген ақпаратты естіп алаңдап қалдық. Дүниежүзі елдерін жайлаған COVID-19 індетінің таралуын тоқтату, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сіз алғашқы күннен бастап жедел және қажет шаралардың қабылдануына ерекше ықпал еттіңіз. Ел халқы үшін жасаған осындай жанашырлығыңыз үшін барша Сыр елінің атынан өзіңізге деген алғысымыз шексіз! Сіз бұл індетті де оңай жеңіп шығатыныңызға сенімдіміз және сізге зор денсаулық, қажымас қайрат тілейміз, — деді ол.
Бүгін, 18 маусымда Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтан коронавирус анықталғанын хабарлады. Саясаткердің денсаулығы жақсы, қашықтан жұмыс істеп жатыр.