Әкімнің айтуынша, астанада коронавирус инфекциясын жұқтырғандарға арналған провизоры бар қосымша 400 орын ашылды. Оның ішінде инфаркт, инсульт, қант диабеті бар адамдарға арналған жеке орындар анықталды. Бұған дейін пневмониясы мен жедел респиратор вирус инфекциясы бар емделушілер үшін жеке корпустар ашылған еді.
Қалалық штаб коронавирустың симптомсыз түрін жұқтырғандарды емдеу үшін телемедицинаға көшуді ұйғарған. Медицина қызметкерлері тұрғындардың денсаулығын видеоқоңыраулар және басқа да байланыс арналары арқылы қадағалап, кеңес береді. Науқастарда симптом пайда болса, ауруханаға жатқызылады.
Нұр-Сұлтанда шетелден ұшып келушілер үшін Ramada Plaza қонақүйінде медстационар ретінде жабдықталған нөмірлер дайындалды.
Әкім қаладағы еңбек ұжымдары қызметкерлерін қашықтан жұмыс істеу режиміне барынша көшіруі қажет екенін айтты. Арнайы топ полиция қызметкерлерімен, санитария дәрігерлермен, волонтерлармен бірге мекемелерге рейд жүргізіп жатыр. Санитария талабы бұзылғаны анықталса, нысандар жабылады.
Алтай Көлгінов азаматтарға маска тағып жүруді және адам көп жиналатын орындарға бармауды ескертті.
Антисептик пайдаланып, арақашықтықты сақтаған жөн. Отбасы жиындары мен қонаққа барудан, үлкен топпен жиналудан бас тарту керек. Қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, өзіңізді де, жақындарыңызды да қорғайсыз. Қалада ауруды бір отбасы болып түгел жұқтырғандар бар, — деді Нұр-Сұлтан әкімі.
Қаланы дезинфекциялау жалғасады. Емханалар мен ауруханалар аумағында дезинфекция тоннельдері мен тепловизорлар санын көбейеді.
Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың жағдайы өте ауыр. Өкінішке қарай, тұрғындар медицина қызметкерлері айтып жатқан ережелерді сақтамайды, өзін өзі емдеумен айналысып, медицина көмегіне дер кезінде жүгінбейді, — деді Алтай Көлгінов.
Ол санитария нормаларын қатаң сақталмаса, қалада карантин режимі қайта енгізілуі мүмкін екенін айтты.