Алтай Көлгінов Қасым-Жомарт Тоқаевқа есеп берді

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алтай Көлгінов Президентке астананың 2019 жылдың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы есеп берді.

Нұр-Сұлтан әкімі Президенттің астананы дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы және қаланы абаттандыру мен қазіргі жылу маусымы туралы да ақпарат берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев қала басшысына жұмыспен қамту, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды қолдау, үлескерлердің мәселесін түбегейлі шешу және Нұр-Сұлтан инфрақұрылымының дамуы бойынша берілген тапсырмаларды сапалы және уақытылы орындау керек екенін айтты.