Алматы әкімі жұмыссыз тұрғындарға арналған ролик жариялады

Ондағы мәлімет бойынша биыл Алматыда 56 мың жұмыс орны, оның ішінде 25 мыңы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша ашылады. Бағдарлама аясында жол жөндеу, қоғамдық кеңістіктер мен басқа да орындарды абаттандыру жобалары жүзеге асады.

Жұмыс іздеген қала тұрғындары қалалық жұмыспен қамту орталығына жүгінеді. Екі қолға бір күрек іздеген 27 мың азаматтың 13,5 мыңы жұмыспен қамтылды. Олардың арасында күзет компаниясына жұмысқа тұрған Дина Ерекешова бар, — деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

Алматы тұрғыны Дина Ерекешова ұзақ уақыт жұмыс таба алмаған. Кейін жұмыспен қамту орталығына барып, бос орындардың арасынан күзет агенттігінің әкімшісі болуды таңдаған.

Біздегі «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасында үш бағыт бар: қоғамдық жұмыс, әлеуметтік жұмыс орындары және жастар тәжірибесі, — деп хабарлады Алматы әкімі.

View this post on Instagram

Жұмыс іздеген қала тұрғындары қалалық жұмыспен қамту орталығына жүгінеді. «Екі қолға бір күрек іздеген» 27 мың азаматтың 13,5 мыңы жұмыспен қамтылды. Олардың ішінде күзет компаниясына жұмысқа тұрған Дина Ерекешова бар. Біздегі «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасында үш бағыт бар: қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары және жастар тәжірибесі. Биыл сол арқылы 56 мың адамға жұмыс беру жоспарда бар. Соның ішінде 26 мыңы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша жүзеге асырылады. —— В поисках работы алматинцы обращаются в городской центр занятости, через который реализуются программы по созданию рабочих мест. Из обратившихся 27 тыс. соискателей работу нашли уже 13,5 тыс. горожан. Среди них Дина Ерекешова, устроившаяся в охранную компанию. Всего в нашем инструментарии в рамках программы развития продуктивной занятости и массового предпринимательства «Еңбек» три направления: общественные работы, социальные рабочие места и молодежная практика. В текущем году планируем охватить ими 56 тыс. человек, из них 26 тыс. — по «Дорожной карте занятости».

A post shared by Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b) on