Басты бет / Қоғам /
e9c844ee529f6df3337fbb0253b9afb2 Қызылорда облысында Еркін Әуелбековтің 90 жылдығы тойланады
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қызылорда облысында Еркін Әуелбековтің 90 жылдығы тойланады

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы, «Тіл сақшысы» газетінің бас редакторы Сәдуақас Аңсат Қызылорда облысы әкімі Гүлшара Әбдіқалықовамен кездесуде мемлекет және қоғам қайраткері Еркін Әуелбековтің 90 жылдығын атап өтуді ұсынды.

Бастамаңызды қолдаймыз. Еркін Әуелбековтің 90 жылдығында өзге облыстардағы мемлекет және қоғам қайраткерінің замандастарымен бейнебайланыс арқылы кездесу ұйымдастырып, телеарналарда сұхбаттар мен арнайы хабар беруді жоспарлап отырмыз,- деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Оның айтуынша, 90 жылдыққа арналған шаралар облыстық кітапханадағы онлайн форматта өтетін конференциядан басталады.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram