Президент үйсіз отбасыға пәтер сыйлады

Бұл туралы Қырғыз Республикасы президентінің ресми сайтында хабарланды.

Айта кетейік, бірқатар электронды басылым Ош облысында базарда контейнердің маңында ұйықтап жатқан кішкентай баланың суретін жарыса жариялаған болатын. Мұны байқаған мемлекет басшысы Атамбаев баланы тауып, оның отбасына көмек көрсетуді тапсырған еді.

Әйел екі рет тұрмыста болған. Ақша табам деп Ресейге кеткен екінші күйеуінен еш көмек болмапты. Төрт баласымен жалғыз қалған ана пәтерден де қуылады. Далада тентіреп қалған отбасының екі баласын тиісті органдар уақытша оңалту орталығына орналастырған.

24.kg сайтының хабарлауынша, баланың анасы қазір еш жерде жұмыс істемейді, ал балалары балабақшаға орналасты.

Далада тентіреп қалған отбасының екі баласын тиісті органдар уақытша оңалту орталығына орналастырған.

ДереккөзBaq.kz