Көлік иелеріне жалпы сомасы 11 946 теңге болатын үш төлем жасау керек. Олар: тіркеу жарнасы – 695 теңге, тіркеу куәлігі үшін төлем – 3 473 теңге, нөмір үшін төлем – 7 778 теңге.
Оған қоса, көлік иелеріне жеке басын куәландыратын құжат, 0,25 АЕК мөлшерінде мемлекеттік бажды және мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртек, көлік құралы және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін тіркеу туралы армян куәлігі, басқару құралын оңнан солға ауыстырылған жағдайда автомобильдің қауіпсіздік сертификаты қажет. Есепке алынған көліктерге сары түсті нөмірлер берілуде. Оң жақ рольді көліктер тіркеуге жатпайды.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлауынша, Арал ауданының төрт тұрғыны Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына қажет құжатын өткізіп, мемлекеттік баж төлемін төлеп, Армения Республикасынан әкелген көліктерін тіркеді.
аталған бағытта Арал ауданының полиция бөлімінің, Әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері тұрғындарға кеңес беріп, тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр.