Қызылорда облысында мүгедектігі бар азаматтардың мәселесі қаралды

Алдымен қала әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгинмен кездесті. Басқосуда Байқоңыр мен ғарыш айлағының 65 жылдық мерейтойына қатысты дайындық жұмысы талқыланды. Осы ретте Серік Ахмет қала басшысына облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың құттықтау хатын табыс етті.

Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары мүгедектігі бар азаматтармен кездесті. Онда «Мүгедектерді қорғау «Байқоңыр жігері» жергілікті қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Жүсіп Қошқарбек бірқатар өзекті мәселе көтерді. Олардың арасында инватакси қызметінің сапасын жақсарту мен Байқоңыр бойынша әлеуметтік қамсыздандыру бөлімін ашу сияқты ұсыныстар бар.

Облыс әкімінің орынбасары Төретам кентіне де барып, жергілікті және Ақай ауылдық округінің еңбек ардагерлерімен кездесті. Онда жас ұрпаққа рухани-өнегелік тәрбие беру мәселесі талқыланды. Жергілікті әкімдік пен ауылдық округтің басшылығына жастарды патриотизм бағытында тәрбиелеу ісіне еңбек ардагерлерін белсенді жұмылдыру жөнінде тапсырма берді.

Облыс әкімінің орынбасары іссапарын қорытындылап, жергілікті атқарушы органдарға нақты тапсырмалар жүктеді.