Қызылорда облысы әкімінің мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшісі тағайындалды

Сүндет Байғожин 1984 жылы Қостанай облысы Арқалықта дүниеге келген. Қазақ ұлттық музыка академиясында жеке ән айту мамандығы бойынша білім алды. «Астана Опера» театрының жетекші опера әншісі қызметін атқарды. ҚР Президентінің жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталған. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері.

Сүндет Байғожин Қызылорда облысының өнерін, оның ішінде классикалық музыканы дамытуға ат салысады. Аймақ өнерпаздарын белгілі опера жұлдыздарымен тәжірибе алмастыртып, әлем сахнасына шығаруға еңбек етеді деп жоспарланып отыр.