Карантин уақытында спортшылар жаттықтырушылардың берген тапсырмаларын тек үй жағдайында орындап отырды.
Пауэрлифтингтен облыстың аға жаттықтырушысы Бақытбек Рысбаевтың айтуынша, карантин режимі толық аяқталғаннан кейін қазан айында облыс құрамасы Ақтауда өтетін Қазақстан Республикасының жекелей чемпионатына қатысуға тыңғылықты дайындық үстінде.
Волейболшылар да шілде айында Нұр-Сұлтанда өтетін ел чемпионатының бірінші турына қатысуды жоспарлап отыр.
Жеңіл атлетикадан Бүкілəлемдік спорт ойындарының күміс жүлдегері Ислам Салимов, парадзюдодан Əлем чемпионы Олжас Оразалыұлы мен Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері Азамат Тұрымбетовтер Паралимпиада ойындарына жолдама алу жарыстарына дайындықтарын пысықтап жатыр.