Еліміздің басым аймағында қар аралас жаңбыр жауады

Республиканың солтүстік жартысы мен батысы Оңтүстік Орал және Батыс Сібір арқылы көшкен циклонға байланысты атмосфералық фронттардың аймағында тұр. Мұнда қар аралас жауын-шашын жауады, кей жерлерде тұман, тайғақ және көпжылдық орташа мәнге жақын ауа температурасы күтіледі.

Баренцево теңізінің үстінде қалыптасқан циклон Батыс Сібір арқылы оңтүстік-шығыс бағытқа жылжи бастады. Ал солармен байланысты салқын атмосфералық фронттар республиканың солтүстік және шығыс аудандары бойынша ауысатын болады. Арктикалық салқын фронттармен мұнда қар жауу, бұрқасын, күшті солтүстік-батыстық жел, ауа температурасының төмендеуі осы кезең үшін қалыптағыдан төмен 4-7ºС дейін күтіледі.

Республиканың батыс облыстарына Ресейдің Еуропалық бөлігінің орталық аудандарынан жылы және ылғалды ауа ағыны келеді. Мұнда температура 3-5ºС нормадан жоғары болады. Оңтүстікте таяудағы тәулікте жауын-шашынсыз, сосын жекелеген аудандарда жауын-шашын, түнде тұман түсуі мүмкін.