Қызылорда облысының әкімі 200 отбасыға «Ауызашар қоржынын» таратты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен бастау алған «Жүрек жылуы» республикалық акциясы аясында Рамазан айының құрметіне ұйымдастырылған қайырымдылық шарасына Қызылорда облысының басшысы да үлес қосты.

ҚМДБ-ның өкіл имамы Болатбек Әбуов бастаған қала мешіттерінің қызметкерлері мен ерікті жамағаттары тұрғындарға облыс әкімінің ізгі лебізі мен мерекелік қоржындарын жеткізді.

Мұсылмандар үшін қасиетті ай басталғалы акция аясында облыс бойынша әлеуметтік жағынан аз қамтылған 1600 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды.