Қызылордада азық-түлікті қымбатқа алсаңыз, қайда хабарласу қажет?

Nur Otan партиясының Қызылорда облыстық филиалы мүдделі органдармен бірлесе отырып, азық-түлік бағаларына шекті бағаны көтерудің жолын кесу мақсатында Telegram желісінде арнайы қондырғы ботты іске қосты.

Telegram-бот тұтынушылар үшін белгіленген шекті бағаларды мониторингтеуге тікелей қатысуға мүмкіндік береді.

Егер дүкендердің шекті бағаны көтергенін көрсеңіз, мына сілтемені басып, тілді таңдаңыз. Жоғары баға көрсетілген чекті (құнын көрсетіп), сауда нүктесінің атауы, нақты күні, орналасқан жері туралы нақты ақпараттарды жүктесеңіз болады.

Келіп түскен материалдар деру құзырлы органдарға жеткізіледі.