Қызылорда облысының әкімі Батырхан Шүкеновтің анасын қабылдады

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова белгілі әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шүкеновтің анасы Диляра Шүкенованы қабылдады. Көзі тірі болғанда халықтың сүйікті әншісі күні кеше 58 жасқа толар еді.  Кездесуде әншінің анасы облыс әкіміне Батырхан туралы жарық көрген кітапты және әндер жинағын тарту етті.

Батырхан Шүкеновтің ту­ған күніне орай облыстық мә­дениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас­тамасымен және үйлестіруімен бірқатар мәдени шара ұйымдастырылып жатыр. Сонымен қатар жергілікті Qyzylorda телеарнасында тікелей эфир арқылы «Жаңа күн» бағдарламасынан арнайы сюжет көрсетілді, кешкі эфир мезгілінде көрермендер «Сағым дүние» концерті мен ұйымдастырылған флешмобты тамашалай алды.

Сонымен қатар «Сыр шаңырағы» Youtube каналы мен әлеуметтік желілерде «Әуен-саздың шебері» тақыры­бында бейнетаныстырылым көр­се­тіліп, «Сыр самалы» вокалды-аспапты ансамблі мен эстра­да әншілерінің «Мәңгі із­дей­мін» атты онлайн концерті өтіп жатыр

Бұған қоса, әрбір ниет білдіруші белгілі әншінің құрметіне ұйымдастырылған «Батырдың әндерін бірге шырқайық» атты флешмобқа қатысуға мүмкіндік алды. «Хабар» телеарнасының эфирінде Батырдың репертуарынан «Отан ана», «Джулия» және «Қайран көңіл-ай» атты үш әні шырқалды. Бұл әндерді жанкүйелер де бірге теледидар алдында орындап, оны бейнеге жазып, телеарнаның электронды поштасына жолдау арқылы шараға атсалысты.

«Хабар» телеарнасының тіке­лей эфиріне Нұр-Сұлтан, Ал­маты және Қызылорда әншілері қосылды. Жер­гілікті өнерпаздар Батырхан Шү­кенов атындағы саябақтан қо­сылып, әншінің танымал ән­дерін орындады.