Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Дәурен Абаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметінен босатылды. Ол Мәулен Әшімбаевтың орнына Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Мәулен Әшімбаевты Президент Сенат депутаты етіп тағайындаған еді.
Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын, — делінген Президент жарлығында.
Дәурен Абаев 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген. әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін, Лейден университетін және Еуразия гуманитарлық институтын бітірген. Еңбек жолын Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратынан бастаған. 2003-2007 жылдары Әзірбайжанда, Нидерландыда дипломатия қызметінде болды. 2007 жылы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі бөлімін, 2007-2008 жылдары Президент кеңсесінің бас сарапшысы, кеңесшісі болды.
2008-2009 жылдары Президенттің баспасөз хатшысының орынбасары, 2009-2011 жылдары Президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы, 2011-2016 жылдары Президенттің баспасөз хатшысы әрі Президент кеңесшісі болып қызмет атқарды.
2016 жылдың мамырында Ақпарат және коммуникациялар министрі, 2019 жылдың 25 ақпанында Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды.