Қасым-Жомарт Тоқаев Дәурен Абаевқа БАҚ-ты қолдауды тапсырды

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, министр Президентке мемлекеттің ақпарат саясатының тетіктерін жетілдіру, азаматтық қоғаммен ықпалдастықты нығайту, жастардың бастама-жобасына қолдау көрсету және диаспоралар мен дін бағытында жоспарланған шаралар туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтер жылын тиімді өткізуді және волонтерларға қолдау көрсетудің нақты институттарын қалыптастыруды тапсырды. Сонымен бірге Президент «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруға азаматтық қоғамды тарту және «Ашық Үкімет» қағидаттарын дамыту қажет екенін айтты.

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Дәурен Абаевқа Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарын қолдаудың нақты шараларын қолға алуды да тапсырды.