Басты бетЖаңалықтарҮкімет Мақтааралдағы...

Үкімет Мақтааралдағы су тасқыны бойынша комиссия құрды

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Премьер-министр Асқар Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы елді мекендерді су басу салдарын жою жөніндегі Үкімет комиссиясын құру туралы өкімге қол қойды.

Комиссияға Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр төрағалық етеді. Оның құрамына орталық және жергілікті атқарушы билік органы басшылары кірді.

Комиссияның міндеттері: тасқыннан келген залалды бағалау және тасқын салдарын жою, инженерия, көлік, әлеуметтік сала инфрақұрылымын, тұрғын үйлерді қалпына келтіру және зардап шеккен тұрғындарға әлеуметтік көмек беру.

Еске салайық, 1 мамырда Өзбекстандағы Сардоба суқоймасында бөгет жарылып, содан бері шекаралас өңірдегі ауылдарды су басып жатыр. Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды. Қазақстан аумағында 10 ауыл, 3600 гектардан астам егіс алқабы суға кеткені хабарланды, қырылған мал мен қираған үй саны анықталып жатыр, 22 мыңнан астам тұрғын баспанасын уақытша тастауға мәжбүр болды.