Басты бетҚоғамАлматы облысында...

Алматы облысында тәртіп сақшыларының жұмыс режимі күшейтілді

Қазіргі уақытта коронавирус індетінің кең таралуына байланысты Алматы облысының тәртіп сақшылары күшейтілген тәртіпте жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Аймақта ҚР ӘҚбК 476-бабының талаптарын бұзудың 107 дерегі тіркелген. Онда төтенше жағдай тәртібін сақтамаған 41 адам  қамауға алынып, 46 азаматқа айыппұл салынған. Қалған құқықбұзушыларға ескерту жасалды. Соның  ішінде карантин аумағына кіруге немесе тыйым салынған аумақтан шығуға әрекеттері бойынша 49 іс әшкереленген. Бұл деректер бойынша ҚР ӘҚбК 476-бабына сәйкес әкімшілік құқықбұзушылық жасағандар жауапқа тартылып, карантин және басқа да мiндеттi санитариялық-эпидемияға қарсы iс-шараларды өткiзуді бұзғаны үшін 33 хаттама жазылған. Сот шешімімен 27  адамға айыппұл салынып, екі азамат әкімшілік қамауға алынған.

Құқық бұзушылықтарды анықтау салыстырмасы бойынша Іле ауданының полицейлері 34 деректі ашса, Қарасай ауданында 26, ал Талдықорғанда 14 дерек анықталған.