Қызылордада балаларға арналған 30 ойын алаңы салынады

Облыс орталығында 815 көп қабатты үй, 210 аула бар. Соның 140-ы спорт және ойын алаңдарымен қамтылған. Алайда балалардың алаңсыз асыр салып ойнауына арналған әткеншек, сырғанақтарды қасақана сындыру және жасанды төсеніштерді жырту дерегі тыйылмай отыр. Осы ретте қала әкімдігі жергілікті полициямен бірігіп, бүлдірушілерге қарсы күресті күшейтпек.

Коммуналдық мекеме қызметкерлері қазір бұзылған ойын алаңдарын жаңартып жатыр. Жазға дейін майысып, жарылып, морт сынып, балғындар денсаулығына қауіп туғызатын барлық ойын алаңқайы жөнделеді.

Оған қоса, қала көшелері мен саябақтарды абаттандыру қарқын алады.

Қазіргі уақытта қоғамдық көліктер жүретін орындарға қосымша аялдама салу жоспарда бар. Бұған қоса, гүлзар, аллеяларды жаңарту. Ол жақтағы тозығы жеткен қоршау, төсеніштерді ауыстыруды заманауи талаптарға сәйкес жаңа эскиздегі жобаларды жүзеге асыру жоспары қолға алынып жатыр, — деді қалалық ТКШ, Автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлім басшысының орынбасары Біржан Далабаев.

Дереккөз24.kz