Қайғылы жағдай Алматыда тіркелді.
Алматыда коронавирус инфекциясынан бір науқас көз жұмды. Ол 1957 жылы дүниеге келген, — деп хабарлады Coronavirus2020_kz Telegram-каналы.
Алматы шұғыл штабының хабарлауынша, марқұм — әйел адам. Күйеуінің айтуынша, ол бір апта бойы температурасы көтеріліп, жөтеліп ауырған, бірақ дәрігерге қаралмапты. Өткен тәулікте дем ала алмай, есінен танған. Жедел жәрдем келгенше қайтыс болған. Ақпарат құралдары қайтыс болған әйел балалар дәрігері екенін хабарлады.
Алматыда коронавирустан осымен жетінші адам қайтыс болды. Мұның алдында Шымкентте төртінші қайғылы жағдай тіркелгені хабарланған еді.
Қазақстан бойынша аурудан қаза болғандар саны 22-ге жетті: Алматыда жеті адам, Ақмола облысында төрт адам, Шымкентте төрт адам, Нұр-Сұлтанда екі адам, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облысында бір адам, Қостанай облысында бір адам, Павлодар облысында бір адам және Түркістан облысында бір адам.