Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары, облыстық штаб мүшесі Пірмұхаммед Сыздықов көктемгі егін науқанына орай аймақтағы ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлердің өтініші негізінде осы саладағы техникаларға арналған қосалқы бөлшектерді сататын кәсіпкерлердің тізімі әзірленіп, жұмыс істеуіне рұқсат бергенін мәлімдеді.
Мұндай қадамға амалсыздан барып отырмыз. Себебі карантинге қарамастан көктемгі егіс науқаны басталды. Ертеңгі күні азық-түлік бағасы шарықтап кетпеуі үшін қазірден қам жасауымыз керек. Аймақта карантиннің енгізілуінен кәсіпкерліктің барлық саласы қиындыққа тап болып отыр. Соның ішінде ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлер. Өздеріңіз де білесіздер, бұл мәселе Үкіметтік деңгейде мән беріліп, көктемгі далалық жұмыстарды, табиғатты қорғау, ветеринариялық жұмыстарды жүргізуге, ауыл шаруашылық, оның ішінде бал ара шаруашылығы іс-шараларына тартылған тұлғалар жүріп-тұруға рұқсат берілді. Ендігі қиындық ауыл шаруашылығы техникаларына қатысты болып тұр. Жұмыс істеген техникалар бұзылып жатыр. Кәсіпкерлер қосалқы бөлшектер алайын десе, бұл саладағы сауда орындарының барлығы жабық. Кәсіпкерлермен ақылдаса келе, сол азаматтардың ұсынысы негізінде ауыл шаруашылығы техникаларына арналған өңірдегі ірі қосалқы бөлшек сатумен айналысатын кәсіпкерлік субъектілерінің тізімін жасадық. Бұл мәселе облыстық штабта қаралып, сол тізімге енген кәсіпкерлерге ғана әзірге жұмыс істеуге рұқсат берілді, – дейді Пірмұхаммед Сыздықов.
Кәсіп субъектілері карантин жағдайында барлық санитарлық талапты сақтай отырып, 23 сәуірден бастап сағат 10.00 мен 15.00 аралығында қызмет көрсетеді.
Палатаның ұсынысымен 2020 жылғы 15 сәуірде Төтенше жағдайларды болдырмау және оларды жою жөніндегі облыстық комиссияның хаттамалық шешімімен бекітілген Тұрғындардың қажет тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар үшін рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізіміне «ауыл-шаруашылық және басқа да арнайы техникаларды сату және қызмет көрсету (қосалқы бөлшектерді сату) ұйымдары» енгізілді.
Назарларыңызға Қызылордадағы ауыл шаруашылығы техникаларына арналған өңірдегі ірі қосалқы бөлшектерді сататын кәсіпкерлер тізімін ұсынамыз: