23.40-тағы мәлімет:
Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 40 адам тіркелді: Нұр-Сұлтанда 10, Алматыда 19, Шымкентте 2, Атырау облысында 1, Түркістан облысында 4, Қызылорда облысында 3, Батыс Қазақстан облысында 1 адам.
Коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 1 402 болды. Аурудан 277 адам айықты, 17 адам қайтыс болды.
18.20-дағы мәлімет:
Нұр-Сұлтанда бір, Батыс Қазақстан облысында бір және Қарағанды облысында екі адам коронавирустан айықты. Елде аурудан айыққандардың жалпы саны 277-ге жетті.
17.15-тегі мәлімет:
Тағы 21 адам науқас болып шықты: Нұр-Сұлтанда 11, Алматыда 5, Қостанай облысында 2, Жамбыл облысында 3 адам.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 1 362 адам анықталды.
16.35-тегі мәлімет:
Коронавирус жұқтырған науқастардың 10-ы аурудан айықты. Жетеуі Алматыдан, үшеуі Атырау облысынан. Қазақстанда COVID-19 инфекциясынан құтылғандардың қатары 273-ке жетті.
15.20-дағы мәлімет:
Алматыда 60 жастағы адам коронавирустан қайтыс болды. Қазақстанда инфекциядан қайтыс болғандар саны 17-ге жетті.
14.00-дегі мәлімет:
Нұр-Сұлтанда 17, Солтүстік Қазақстан облысында 4, Қызылорда облысында 2 адам сауығып шықты. Қазақстанда коронавирустан айыққандар саны 263-ке жетті.
12.25-тегі мәлімет:
Коронавирус жұқтырған саны 10 адамға көбейді. Нұр-Сұлтанда 3, Солтүстік Қазақстан облысында 1, Ақмола облысында 1, Жамбыл облысында 1, Алматы облысында 4 жаңа жағдай тіркелді.
Қазақстанда коронавирус инфекциясын барлығы 1 341 адам жұқтырып отыр.
10.00-дағы мәлімет:
Коронавирус инфекциясы тағы 36 адамнан табылды: Нұр-Сұлтанда 5, Алматыда 13, Шымкентте 3, Қызылорда облысында 4, Павлодар облысында 2, Маңғыстау облысында 1, Батыс Қазақстан облысында 5, Ақтөбе облысында 1, Қарағанды облысында 2 адам.
Қазақстанда 13 наурыздан бері коронавирусты барлығы 1 331 адам жұқтырғаны белгілі болды: Алматы — 393, Нұр-Сұлтан — 302, Қызылорда облысы — 131, Қарағанды облысы — 84, Ақмола облысы — 80, Атырау облысы — 70, Түркістан облысы — 49, Жамбыл облысы — 49, Шымкент — 43, Солтүстік Қазақстан облысы — 28, Алматы облысы — 25, Батыс Қазақстан облысы — 25, Ақтөбе облысы — 14, Маңғыстау облысы — 12, Павлодар облысы — 13, Шығыс Қазақстан облысы — 8, Қостанай облысы — 5.
00.00-дегі мәлімет:
Қазақстанда коронавирус инфекциясы барлығы 1 295 адамнан анықталды: Алматы — 380, Нұр-Сұлтан — 297, Қызылорда облысы — 127, Қарағанды облысы — 82, Ақмола облысы — 80, Атырау облысы — 70, Түркістан облысы — 49, Жамбыл облысы — 49, Шымкент — 40, Солтүстік Қазақстан облысы — 28, Алматы облысы — 25, Батыс Қазақстан облысы — 20, Ақтөбе облысы — 13, Маңғыстау облысы — 11, Павлодар облысы — 11, Шығыс Қазақстан облысы — 8, Қостанай облысы — 5.
Инфекциядан 240 адам жазылды: Нұр-Сұлтан — 136, Алматы — 60, Атырау облысы — 12, Ақмола облысы — 8, Алматы облысы — 7, Қызылорда облысы — 4, Жамбыл облысы — 3, Шымкент — 2, Ақтөбе облысы — 2, Қарағанды облысы — 2, Батыс Қазақстан облысы — 1, Маңғыстау облысы — 1, Павлодар облысы — 1, Солтүстік Қазақстан облысы — 1.
Коронавирус 16 адамның өмірін жалмады: Ақмола облысы — 4, Шымкент — 3, Нұр-Сұлтан — 2, Алматы — 2, Шығыс Қазақстан облысы — 1, Қарағанды облысы — 1, Қостанай облысы — 1, Павлодар облысы — 1, Түркістан облысы — 1.
Пандемия статистикасы: 15 сәуірдегі коронавирусқа қатысты ахуал