Нұр-Сұлтанда:
- өнеркәсіп кәсіпорындары;
- құрылыс және жол-құрылыс компаниялары, ірі құрылыс дүкендері;
- көлік, қоймалау салаларындағы компаниялар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы сервис компаниялары;
- автосалондар, техникалық қызмет көрсету станциялары, автожуу, дөңгелек ауыстыру сервисі, автобөлшек дүкендері, химиямен тазалау, кеңсе техникасын жөндеу қызметтері;
- екінші деңгейлі банктер (сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін қызметкерлердің 50%-і ғана), нотаруистер (алдын ала жазылу бойынша);
- қоғамдық тамақтану нысандарының алып кету және жеткізу қызметі ғана (сағат 22.00-ге дейін).
Алматыда:
- өнеркәсіп кәсіпорындары;
- құрылыс және жол-құрылыс компаниялары, құрылыс материалдарының ірі көтерме базарлары;
- нотариустер (алдын ала жазылу бойынша);
- халыққа қызмет көрсету орталықтарының бизнеске қызмет көрсететін бір бөлімшесі (Наурызбай ауданы, Шұғыла ықшамауданы, 347/1).
Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы шұғыл штабтар кәсіпорындар мен кәсіпкерлік субъектілерінің нақты тізімін, олардың қызметкерлерінің нақты санын, жұмыс уақытын және жеткізілу тәсілін анықтайды.
Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның төрағасы Асқар Мамин екі қаланың әкімдеріне жұмысы жанданатын нысандарда санитария-эпидемиология қауіпсіздігінің сақталуын қатаң бақылауды тапсырды.