Басты бетЖаңалықтарСауалнама: "Kazakhstan"...

Сауалнама: «Kazakhstan» сөзін «Qazaqstan» деп өзгерткен дұрыс па?

Сенат спикері Қазақстан атауының ағылшын тіліндегі нұсқасын «Qazaqstan» деп жазу дұрыс екенін айтып, өзінің «Twitter» желісіндегі жеке парақшасында бөліскен.

Айта кетейік, осыған дейін елімізде кейбір банктер «К» әріпінің орнына «Q» әріпін қолдануды бастап кеткен. Тіпті, дәл осы транскрипциямен жұмыс істеп жатқан әуе компаниясы да бар.

Лингвистердің пікірінше, «қ» әріпі ағылшын тілінде «q» (кью) болып жазылады екен. Сәйкесінше «Қазақстан» сөзі «Qazaqstan» деп өзгеруі тиіс-тін. 1940 жылға дейін, Қазақ республикасына кирилица жазуы әлі енбеген кезде ел атауы латын жазуынша «Qazaq», «Qazaqstan» деп белгіленген. Ал «Kazakhstan» деген сөз ешқандай да елдік негізді көрсетпейтін, орыс тіліндегі «Казахстан» атауының тікелей транслитерациясы ғана болған.

[totalpoll id=»12678″]