Басты бетЖаңалықтарЕліміздің қай...

Еліміздің қай өңірлерінде өзендер тасуы мүмкін?

Мамандардың болжамы бойынша алдағы күндері температура жоғарылай түсіп, жауын-шашын түседі, бұл су тасқыны қаупін күшейтеді.

Ауа температурасы фонының жоғарылауына және жаңбыр жаууына байланысты 1-4 сәуір аралығында Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында қар жамылғысы карқынды еріп, өзендерде мұз әлсірейді және су деңгейі көтеріледі, — деп хабарлады «Қазгидромет» мамандары.

Еске салайық, бір ай бұрын ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин су тасқыны қаупі бар өңірлерді атаған еді. Оның мәліметінше, Нұра, Жабай, Колутон және басқа да өзендер еліміздің солтүстігіндегі елді мекендерге қауіп төндіріп тұр.