Баладай аңғал, жүрегі жұмсақ, оқымаған кітабы жоқ, телефонмен сағаттап сырласатын Аманхан көкем де өмірден өтіпті, — деп жазды Амангелді Кеңшілікұлы.
Аманхан Әлімұлы 1952 жылы 20 қаңтарда қазіргі Түркістан облысында туған. Сергей Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетін, Мәскеудегі Mаксим Горький атындағы бүкілодақтық әдебиет институтының жоғары курсын бітірген. «Қазақстан пионері», «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті», «Түркістан», «Заң газеті» басылымдарында және Қазақ радиосында қызмет етті. «Кездесу», «Жанымның жапырағы», «Ай нұры алақанымда», «Өткірдің жүзі», «Бес қоңырау» публицистика және поэзия жинақтарының авторы. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Журналистер академиясының академигі, Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты.
Аманхан Әлімұлы бір жыл бұрын Baribar.kz порталына сұхбат берді.