Басты бетҚоғамКоронавирустан жазылған...

Коронавирустан жазылған бір адам ауруханадан шықты

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, ер адам вирусқа қарсы емнің толық курсын алды. Емдеу кезінде ауруы асқынған жоқ. Пациент 14 күн үйде дәрігерлердің бақылауында болады.

Сонымен қатар 28 наурызда 12 жастағы қыз ауруханадан шығады. Қазір ол Қалалық жұқпалы аурулардың клиникалық балалар ауруханасында емделіп, толық тексеруден өтіп жатыр.

27 наурыз күнгі 18.35-тегі жағдай бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 126-ға жетті. Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы бір адам Маңғыстау облысында тіркелді.

Сонымен Нұр-Сұлтан бойынша 60 адам, Алматыда 48 адам, Қарағандыда 4, Шымкентте 2 адам, Алматы облысында 1 адам, Ақтөбе облысында 1 адам, Жамбыл облысында 3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында 1 адам, Атырау облысында 3 адам, Павлодар облысында 1 адам және Маңғыстау облысында 1 науқас бар.