Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Токио Олимпиадасы бір жыл кейінге ауыстырылды

Фото: Gettyimages.com/Charly Triballeau

Olympic.org сайтының хабарлауынша, 24 наурызда Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах, Жапония Премьер-министрі Синдзо Аюэ, Токио Олимпиадасының президенті Хасимото Сейко, Токио губернаторы Коике Юрико, ХОК үйлестіру комиссиясының төрағасы Джон Коутс, ХОК бас директоры Кристоф де Кеппер және ХОК Олимпиада ойындары атқарушы директоры Кристоф Дуби телефон конференциясын  өткізіп, пандемия жағдайында Токио Олимпиадасының тағдыры қалай болатынын анықтады.

Қазіргі жағдайда және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бүгін ұсынған мәліметі негізінде ХОК президенті мен Жапония Премьер-министрі спортшылардың, Олимпиада ойындарына қатысушылардың және халықаралық қауымдастық мүшелерінің денсаулығын қорғау үшін Токио Олимпиадасы 2020 жылдан 2021 жылдың жазынан кеш емес мезгілге ауыстырылуы керек деген шешімге келді, — деп хабарлады Olympic.org.

Бір жыл кейінге қалдырылғанымен Жазғы Ойындардың атауы «Токио-2020» болып қала береді және Олимпиада алауы да Жапонияда болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *