Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Дәурен Абаев азаматтарды қорқытқан карта туралы түсінік берді

Дәурен Абаев. "Хабар 24" эфирінің скриншоты

Кеше Egov.kz порталындағы карта ел ішінде дүрбелең туғызды, көпшілік бұл вирустың таралуы картасы деп түсінген. Шын мәнінде онда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдардың орналасу аумағы көрсетілген. Бүгінде науқастармен қатынаста болғандардың бәрі медицина бақылауынан өтті, олардан жұқпалы ауру анықталған жоқ. Дүрбелеңге себеп жоқ, — деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі.

Дәурен Абаев дәріханалардағы бетперде тапшылығына да түсінік берді.

Күн сайын өндірілетін бетперденің жалпы көлемі – 604 мың дана. Бұл көлем тәулігіне 1 миллион данаға дейін көбейтіледі. Сонымен бірге Нұр-Сұлтан мен Алматыда халықтың ауру жұқтыру қаупі бар бөлігіне бетперде тегін беріледі, — деді ол.

Еске салайық, кейінгі мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 62-ге жетті.

Мақалаға реакция