Алматының коронавирус ошағы бар аудандары анықталды

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, Алматы аумағындағы эпидемиологиялық тексеру нәтижесі бойынша коронавирустың жаңа түрінің 10 ошағы анықталды:

– Алмалы ауданы – 3;

– Медеу – 3;

– Түрксіб – 2;

– Жетісу – 1;

– Алатау – 1.

Барлық ошақта індеттің одан әрі таралуын болдырмау мақсатында эпидемияға қарсы және профилактика шаралары күшейтілді. Медицина қызметкерлері ошақ аймағында орналасқан тұлғалардың бәрінің жағдайына мониторинг жүргізіп жатыр, — делінген таратылған хабарламада.

ошақ
Фото: StopCovAlmaty

Қалалық штаб тұрғын үйлерді квартал бойынша карантиндеу туралы бұған дейін қабылданған шешімнің күшін жойды. COVID-19 індетінің тіркелген оқиғалары мен  инфекцияның таралу сипатына қосымша талдау жүргізгеннен кейін эпидемиологтардың қорытындысы бойынша ошақ аймағының шекарасын көпқабатты және жеке үйлердің кіреберісіне дейін қысқарту туралы шешім шығарылды.

Tengrinews.kz порталы Алматы әкімдігінің мәліметі бойынша 10 ошақтың мекенжайын нақтылады:

—     Алтай ықшамауданы — 1, 8;

—      Жасқанат ықшамауданы, 86;

—      Еңлікгүл көшесі, 34а;

—      Зенков көшесі, 59;

—      Достық даңғылы, 162;

—      Гоголь көшесі, 75;

—      Сарыой көшесі, 234;

—      Жароков көшесі, 16;

—      Желтоқсан көшесі, 125;

—      Байтұрсынұлы көшесі, 78/1.

Еске салайық, 20 наурыздағы мәлімет бойынша Алматыда коронавирус инфекциясы 22 адамнан анықталды.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да