Алматыда кейін есепке алынған үш науқастың жағдайы белгілі болды

Үш пациенттің бірі — қала тұрғыны, әйел адам шетелден келген адамдармен байланыста болған. Құрғақ жөтел, тамақтың қырылдауы, кеуде тұсының ауыруы, құлақтың бітелуі сияқты белгілер анықталғанына байланысты 18 наурызда одан коронавирусқа анализ алынды. Кеше нәтиже расталды, пациент бірден стационарға оқшауланды, — деді Тілеухан Әбілдаев.

Екінші науқас — 1979 жылғы бортсерік әйел, ол Берлин — Алматы чартер рейсімен 12 наурызда ұшып келген, сол күннен бері карантинде болған. Үшінші науқас — 1997 жылғы ер адам 19 наурызда Париж — Минск — Алматы рейсімен ұшып келген. Бірден карантинге жатқызылған, 20 наурызда «коронавирус инфекциясы» диагнозымен қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды.

Тілеухан Әбілдаевтың мәліметінше, бүгінде Алматыдағы 22 науқастың 20-сының денсаулығы жақсы, екеуі орташа ауыр жағдайда. Оның бірі — 2018 жылы туған қыз бала, оның өкпесі қабынған. Бұған дейін оның денсаулығы жақсы екені хабарланған еді. Ол балалар жұқпалы аурулар ауруханасында коронавирус жұқтырған анасымен бірге жатыр. Орташа ауыр жағдайда жатқан науқастардың бірі созылмалы өкпе ауруымен ауыратыны да бұған дейін хабарланған еді.

Қазір Алматыда коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікпен 696 адам провизоры бар ауруханаларда жатыр, үй карантинінде 1 108 бар.