Қызылордада шетелдің төрт азаматы карантинге алынды

Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігі әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады.

I (а) категория елдерінен өңірге  2020 жылдың 6 наурызынан бері барлығы 4 азамат келген. Оның 3 – ҚР-ның, 1 – Сербия азаматы. Тексеріс нәтижесінде бұл азаматтардан коронавирус инфекциясы анықталған жоқ. 4 азамат та провизорлық стационарға жатқызылды, – делінген аталған ақпаратта.

Ал, I (б) категория елдерінен 2020 жылдың 5 наурызынан бері аймаққа бүгінгі күнге дейін бірде-бір азамат келмеген.

II категориялы елдерден облыс аумағына 2020 жылдың 5 наурызынан бүгінгі күнге дейін 4 азамат Біріккен Араб Әмірлігінен келген. Барлығы ҚР-ның азаматтары. Қазіргі уақытта олар медициналық бақылауда.

Бұл категорияларға жатпайтын, бірақ коронавирус инфекциясы тіркелген елдерден келген ҚР азаматтарының саны – 3. Олар Иордания, Беларусь мемлекеттерінен келген. Бұл азаматтар телефон арқылы бақылауға алынды, – деп атап өтті облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.