Қызылордада мекемелердің жұмыс режимі өзгерді

Жұмысшылардың жалақысы қалай төленетіні жөнінде облыстық Еңбек саласын бақылау басқармасының басшысы Ертілеу Жалғасбаев онлайн конференцияда баяндады.

Қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшкен уақытта жұмыс беруші жұмыскерге барлық қажет жағдайды жасауға міндетті және жұмыскердің айлық жалақысының мөлшері өзгермеуі тиіс. Екіншіден, егер кәсіпорын және мекемелерде жұмыс көлемі шектелетін болса, жұмыс берушілер өзінің ішкі құқықтық актісімен, яғни бұйрғымен жұмыскерлерге қысқартылған жұмыс уақытының режимін қолдануға құқылы. Үшіншіден, егер мекемелер мен кәсіпорындар төтенше жағдай кезеңінде қызметін тоқтатса, жұмыс берушілер ҚР еңбек кодекснің 112-бабын басшылыққа ала отырып, жұмыскерлерге бос тұрып қалған уақытына жалақының ең төмен мөлшерінен кем болмайтын мөлшерде, яғни 42 500 теңге мөлшерінде жалақы төлеуге міндетті, — деді Ертілеу Жалғасбаев.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да