Қазіргі кезде коронавирус жұқтырғандар саны — 9. Оның жетеуі Алматыда, екеуі Нұр-Сұлтанда. Стационар карантинінде 1 641 адам, үй карантинінде 981 адам жатыр.

Қытайдан және басқа да елдерден келген азаматтарды бақылау жалғасып жатыр. Барлық санат бойынша 2 626 адам мониторингіге алынды. Оның 1 689-ы 1А-санаты бойынша (Қытай, Италия, Иран, Оңтүстік Корея), 586-сы 1Б-санаты бойынша (Испания, Германия, Франция), 351 адам 2-санат бойынша (Швейцария, Нидерланды, Ұлыбритания). 2 626 адамның 503-і мониторингіден шығарылды.

Температурасы және жедел респиратор вирус инфекциясы бар 129 адам ауруханаға жатқызылып, оның 65-і үйіне жіберілді.

Дүниежүзі бойынша коронавирус инфекциясы 158 мемлекеттегі 169 387 адамға жұғып отыр. 6 500-ден астам адам қайтыс болды.

коронавирус