Коронавирус инфекциясы деген не?

  • коронавирус – вирус инфекциясының 2019-nCoV деп аталатын жаңа типі;
  • жоғары тынысалу жолдарының жеңіл немесе орташа ауруына, өкпенің қабынуына, өлім-жітімге cебеп болуы мүмкін;
  • 2019 жылы Қытайдың Ухань провинциясында анықталды;
  • вирус басқа елдерге сапарға шыққан адамдармен бірге таралады;
  • коронавирус өте жылдам тарайды;
  • коронавирусты жұқтырғандар мен вирустан қайтыс болғандардың басым бөлігі Қытайда тіркелген;
  • Хубэй провинциясының 15 қаласында карантин жарияланып, тұрғындарға қаладан шығуға тыйым салынған;
  • індет ошағына автобус пен пойыздардың қозғалысы, ұшақ рейстері тоқтатылды;

Коронавирус белгілері:

  • дене қызуының көтерілуі;
  • тұмау;
  • бас ауруы;
  • жөтел;
  • тамақ ауруы;
  • әлсіздік;
  • іш өту.

* иммун жүйесі әлсіз әрі нашарлаған адамдар, сәбилер мен қарттар вирусты тез жұқтыруы мүмкін.

Инкубация кезеңі – 2 күннен 14 күнге дейінгі аралық.

Диагностика

Қазіргі уақытта Қазақстанда 2 сағаттың ішінде нәтиже беретін жаңа тест жүйелері қолданысқа енді. Ол үшін:

  • қан анализін;
  • несеп анализін;
  • лаборатория зерттеулерін;
  • ПТР-ды (полимераз тізбек реакциясы) тапсыру қажет.

Коронавирусқа арнайы диагностика тек медициналық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.

Инфекцияның берілу жолдары:

  • көп жағдайда ауру адам жөтелгенде немесе түшкіргенде ауа тамшылары арқылы тарайды;
  • тұрмыстық байланыс арқылы: жеке байланыс, (жанасу, қол алысу, залалды объектіде болу немесе бетті тигізу)

Вирус өзі ағзадан тыс ұзақ өмір сүре алмайды және бірнеше күн ішінде жойылып кетеді.

Профилактика шаралары:

– қол және тынысалу жолдарының гигиенасын сақтау, қолды 20 секунд бойы мұқият жуу, мұрынды изотон ерітіндімен жуу;

– иммунитетті арттыру: дұрыс ұйықтау, дұрыс тамақтану, спортпен айналысу;

– бөлмені желдету;

– жиі қолданылатын заттарды залалсыздандыру құралдарымен сүрту;

– катарал құбылыстары бар тұлғалармен қарым-қатынас жасамау;

коронавирус жағдайы тіркелген, қауіпті аймақтарға сапарға шықпау;

– адам көп жиналған жерлерден алшақ болу.