Оңтүстік, оңтүстік-шығыс пен шығыста ғана күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерінде жел күшейеді, тұман түседі, көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, өңірдің көп бөлігінде жел екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Павлодар облысының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады. Қызылорда, Маңғыстау облыстарында кей жерде жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Алматы облысының Жалаңашкөл көлі ауданында жел екпіні секундына 18-23 метрге дейін күшейеді. Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман түседі.