Коронавирус жұқтырғандардың бірінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы полиция департаменті коронавирус жұқтырғандардың бірі — Б. деген әйел санитария қызметінің жұмысына кедергі келтіріп, өзі ауырып қалғаннан кейін онымен қарым-қатынаста болған адамдардың мәліметін беруден қасақана бас артып отыр. Әйел ҚР Қылмыстық кодекстің 304-бабында («Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу») қарастырылған қылмыс белгілері бойынша жауапқа тартылды, — деп хабарлады полиция департаменті.

Алматы полициясы қалада қалыптасып отырған ахуалға байланысты азаматтарды коронавирус инфекциясын анықтау мен оны болдырмау жөніндегі қызметтерге мейлінше көмек беруге және жүргізіліп жатқан шараларға түсіністікпен қарауға үндейді.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда коронавирус жұқтырған алты науқас бар екені хабарланған еді. Олардың екеуі орташа ауыр жағдайда.