Коронавирус: Алматыдағы науқастардың екеуі орташа ауыр жағдайда

Қазіргі кезде оңтүстік астанада барлығы алты адам емделіп жатыр.

Қазіргі кезде төрт пациенттің жағдайы қанағаттанарлық, екеуі орташа ауыр дәрежеде. Олардың бәрі бекітілген хаттама бойынша ем алып жатыр. Вирусқа қарсы және симптомдар бойынша ем өз уақытында басталды, — деді Тілеухан Әбілдаев.

Бұған дейін 15 наурызда коронавирус жұқтырудың екі жаңа тіркелгені хабарланған еді. Бірінші науқас — бір күн бұрын ауруханаға жатқызылған ер адамның 62 жастағы әйелі. Олар Мәскеуден келген. Екінші пациент — Оңтүстік Кореядан келген 25 жастағы жігіт. Кейінгі екі жағдай бойынша науқастармен қарым-қатынаста болғандардың бәрі оқшауланды.

Науқастармен жақын қатынаста болғандар карантинге жатқызылды. Коронавирусты анықтау мен емдеу үшін қаланың барлық медицина ұйымында қажет дәрі-дәрмек пен медицина бұйымдары қоры бар, — деді Тілеухан Әбілдаев.

Алматының көпбейінді стационарларында барлығы 704 адам карантинде жатыр.

Қазақстан бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны — 8.