Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қазақстан аумағындағы коронавирус жұқтырғандар саны төртке жетті

Фото: Slovoidilo.ua

Оның айтуынша, Қазақстанда тіркеліп отырған төртінші науқас 13 наурызда Алматыға Германиядан ұшып келген. Қазір ол стационарда емделіп жатыр. Өзі — Алматы тұрғыны. 1976 жылы туған, ер адам.

https://www.youtube.com/watch?v=m_W5YsPQV5U&feature=youtu.be

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус жұқтырудың үш жағдайы тіркелгенін хабарлаған еді. Коронавирус Германиядан Алматыға ұшып келген екі адамнан және Нұр-Сұлтанға Италиядан ұшып келген бір адамнан табылды. Сонымен бірге Германияда Қазақстанның тағы бір азаматына «коронавирус инфекциясы» деген диагноз қойылғаны туралы ақпарат бар.

Мақалаға реакция