Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.

Өздеріңізге мәлім, 3 айдан бері біз, Денсаулық сақтау министрлігі, жергілікті атқарушы органдармен бірге коронавирус инфекциясының Қазақстанға енуіне жол бермеу бойынша көп шараны іске асырдық, көп жұмыс істелді, бірақ, өкінішке қарай, бүгін бірнеше рет тексергеннен кейін Қазақстанның екі азаматынан коронавирус инфекциясы табылды. Алматыдағы зертхана бүгін Германиядан келген екі азаматтың коронавирус жұқтырғанын растады. Бас санитар дәрігердің қаулысымен бұл пациенттер Алматыда карантин стационарына жатқызылды. Барлық шара біз бұрын қабылдаған алгоритм бойынша қолға алынып жатыр. Қазір пациенттердің жағдайы жақсы, — деді Елжан Біртанов.

Министрдің айтуынша, коронавирус жұқтырғандар — 1974 жылы туған ер адам мен 1984 жылғы әйел адам. Бірі 9 наурызда 73 жолаушымен бірге, екіншісі 12 наурызда 12 жолаушымен бірге ұшып келген. Олардың бәрі анықталып, карантинге жатқызылады.

Тақырып / Тема: «13 наурыздағы коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдай туралы» / «О текущей ситуации по коронавирусной инфекции на 13 марта»Спикерлер / Спикеры: ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов./ Министр здравоохранения РК Елжан Биртанов.Модератор: Маржан Бахтиярқызы. Назар аударыңыз! Берілген тақырып бойынша сұрақтарыңыз болса, осы жерде қалдыруыңызға болады. Өңірлік Коммуникациялар ҚызметіРегиональная служба коммуникаций — Атырауская областьМаңғыстау облысы "Қоғамдық коммуникация орталығы"Ақтөбе облысының өңірлік коммуникациялар қызметіРск Костанайской ОбластиӨңірлік Коммуникациялар ҚызметіРегиональная Служба Коммуникаций СКОКГУ "Региональная служба коммуникаций" Акмолинской областиРСК Карагандинская областьТүркістан Өңірлік Коммуникация ҚызметіРегиональная служба коммуникаций Павлодарской областиРСК ВКОРегиональная служба коммуникаций города АлматыЖамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Опубликовано Служба центральных коммуникаций Пятница, 13 марта 2020 г.

Коронавирус инфекциясына қатысты барлық ақпаратты «1406» нөмірі бойынша call-орталықтан алуға болады.

11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирустың таралуын пандемия деп жариялады. Қазақстанда арнайы сақтық шаралары қолға алынды. Бұған дейін Бас мемлекеттік санитар дәрігер Жандарбек Бекшин ғалымдардың болжамы бойынша коронавирус инфекциясы Қазақстанға наурыздың 11-16-сы аралығында келуі мүмкін екенін хабарлаған еді.

Қазақстанда тағы бір азамат коронавирус жұқтырғаны расталды

Қазақстанның коронавирус жұқтырған төртінші азаматы Германияда