Талдықорғанда мемлекеттік қызметке қатысты заңдағы өзгерістер түсіндірілді

Бұл туралы Талдықоғандағы Jetisy Media ақпараттық алаңында «Мемлекеттік қызметке қатысты  заңдағы өзгерістер» тақырыбында өткен баспасөз-мәслихатында айтылды.

Бұл заңда құқық қолдану тәжірибесі кезінде анықталған мәселелер мен қайшылықтар жан-жақты қарастырылып, анық шешімін тапқан. Атап айтсақ, мемлекеттік қызметтегі сынақ мерзімі, қызметтік куәліктердің тиімді түріне ауысуы, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру тағы басқа да өзгерістер енгізілген, — деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңестің хатшылық меңгерушісі Ләззат Бейсеқұлова.

Ләззат Бейсеқұлова жаңа заңда қызметкері сыбайлас жемқорлыққа  жол берген қандай саланың басшылары жұмыстан кететіні туралы да  жан-жақты тоқталды. Оның айтуынша:

  • орталық мемлекеттік органның басшысы (министр) үшін оның орынбасарлары, жауапты хатшы немесе аппарат басшысы, аймақтық бөлімшелердің басшылары;
  • облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімі үшін оның орынбасарлары, аппарат басшысы, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі;
  • орталық мемлекеттік орган басшысының орынбасары (вице-министр) оның қарамағындағы бөлімше немесе тәуелсіз құрылымдық бөлімше басшысы сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған кезде қызметінен кетеді;
  • облыс әкімінің орынбасары жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларына жауапты.

Аудан әкімі өзінің орынбасарларына, аппарат басшысына, жетекшілік ететін аудандық атқарушы органдардың басшыларына, ауыл, кент, ауылдық округтердің әкімдеріне жауап береді, — деді Ләззат Бейсеқұлова.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да