Басқа нөмір тіркелгенін білу үшін ЖСН мен IMEI-код керек

Әуелі қолданушы атына өзі пайдаланатын нөмірден басқа нөмір тіркелген-тіркелмегенін жеке сәкейстендіру нөмірі (ЖСН) және ұялы телефонының IMEI-коды арқылы біле алады. Ол үшін Сәйкестендіру кодтарының дерекқорына https://imei.rfs.gov.kz/index_ru.php сілтемесімен өтіп, жеке сәйкестендіру нөмірін жазу керек. Бұл жерде өзіңіз қолданып жүрген абоненттің нөмірі көрсетілмейді, олардың саны ғана шығады. Абонент саны сіз ойлағаннан көп болса, ЖСН-нан тіркеу дерегін алып тастау үшін Tele2, Kcell, Beeline байланыс салондарының біріне хабарласу қажет. Бұл орталықтарда қолданушы өз атына тіркелген, пайдаланбайтын нөмірлерден бас тарту туралы өтініш толтырады. Әдетте қолданушының атына артық нөмірлерді дилер тіркеп тастайды.

Ұялы телефонның IMEI-кодына тіркелген абонент нөмірін білу үшін телефонның IMEI-кодын жазсаңыз, жеткілікті. Мұнда да тек IMEI-ге тіркелген нөмір саны шығады. Базада IMEI тіркеуді тексеру қызметі  де бар.

Imei.rfs.gov.kz сайтында телефон кімнің атына тіркелгенін анықтап алуға да болады. Ол үшін тіркеуді тексеру қызметіне өтіп, ЖСН мен IMEI байланысын анықтау қызметін таңдау керек.

ЖСН және IMEI байланысын анықтау үшін базадағы осы сервисті таңдау қажет. Бұл телефонның кімнің атына тіркелгенін анықтауға мүмкіндік береді.

IMEI-кодты қалай білуге болады?

IMEI (International Mobile Equipment Identity) — мобайл гаджеттерге арналған 15 таңбалы халықаралық идентификатор, яғни телефон байланысқа шыққан кезде оператор анықтайтын сериялық нөмір. Телефонның IMEI-кодын білудің 4 тәсілі бар.

  1. *#06# кодын терсеңіз, экранға екі IMEI-код шығады.
  2. Телефонның батареясы алынатын болса, IMEI-код батарея орнына жазылады.
  3. IMEI-код жазылған жапсырма телефон қорабына салынады және ұялы телефон сатып алғанда құрылғының кепілдік картасына жабыстырылады.
  4. Кодты телефон параметрлерінен көруге болады. Параметрлер -> Телефон туралы -> Жалпы ақпарат -> IMEI-код мәліметі.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!