ЖСН-ді қалай оңай жаттап алуға болады?

Бірақ 12 санды қалай әрдайым есте сақтап жүруге болады? Өте оңай. Алдымен қолыңызға жеке куәлігіңізді алып, қараңыз. Алдыңғы алты сан — Сіздің туған жылыңыздың, айыңыздың және күніңіздің номері. Мысалы, Сіз 1985 жылдың 11 айында, 23-і күні дүниеге келдіңіз. Демек, ЖСН 851123 сандарынан басталады.

Жетінші санды да жаттап алу қиын емес. Бұл номер Сіздің қай ғасырда келгеніңізге байланысты беріледі. Ерлерге тақ сан, ал әйел адамдарға жұп сан тиесілі болмақ. Көпшілігіміз ХХ ғасырда дүниеге келгендіктен, жетінші сан 3 немесе 4 болады. Барлығын айтып өтсек:

  • 1 саны — 19-ғасырда дүниеге келген ер адамдарға;
  • 2 саны — 19-ғасырда дүниеге келген әйел адамдарға;
  • 3 саны — 20-ғасырда дүниеге келген ер адамдарға;
  • 4 саны — 20-ғасырда дүниеге келген әйел адамдарға;
  • 5 саны — 21-ғасырда дүниеге келген ер адамдарға;
  • 6 саны — 21-ғасырда дүниеге келген әйел адамдарға тиесілі.

Қалған ЖСН-дегі бес номер кездейсоқ ретпен беріледі. Оларды жаттап алу керек. Осылайша, Сіз ЖСН-ді толық есте сақтай аласыз.