Алдағы 3 тәуліктің ауа райы: қыс ызғары әзір қайтпайды

Олардың мәліметінше, Қазақстан арқылы өтетін Арктиканың суық фронттары қар мен боранға себеп болады, республиканың солтүстігінде солтүстік-батыстан күшті жел соғады.

Оңтүстік және шығыс облыстарға Орталық Азия аудандарынан циклон ығысады, оңтүстіктің жылы әрі ылғалды ауасы мен солтүстіктің суық ауасы тоғысқан кезде жауын-шашын түсіп, жаңбыр қарға ұласады, кей жерде қар толассыз жауады, көктайғақ болады, күшті жел соғады, шығыста боран соғады, — деп хабарлады синоптиктер.

Фронттардың артынан Гренландия теңізінен Арктика ауасында қалыптасқан күшті антициклон келеді, ол республиканың көп облысында күннің сууына себеп болады. Батыс облыстарда ғана Қара теңізден тараған жылы ауа массасының әсерінен температура жоғарылайды.