3 наурызда еліміздегі ауа райына антициклон әсер етеді

Республиканың кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейіп, орталық пен шығыс өңірлерде жаяу бұрқасын соғады.

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында кей жерде көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерде тұман түседі, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қызылорда облысының кей жерінде тұман түседі, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман түседі. Алматы облысында Жалаңашкөл көлі  ауданында жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.