Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Амандық Баталов жатақхана салып жатқан компанияға ескерту жасады

Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Амандық Баталов сонымен бірге жабық жүзу бассейнінің де құрылыс жұмысымен танысты. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігі баспасөз қызметі хабарлады.

Облыс әкімі әуелі жатақхана ғимараты аумағын абаттандыру жұмысының бас жоспарын көріп, одан кейін құрылыс материалдарын таңдады. Абаттандыру жұмыстарын «Сапа құрылыс» мекемесі жүргізіп жатыр. Бас жоспарда көрсетілгендей, мұнда жатақхана аумағы ғана емес, оған іргелес орналасқан тұтас абаттандырылады. Онда балалар ойнайтын алаң, ересектер тынығатын орын, жүгіруге арналған жол, воркаут, спорт алаңы сияқты барлық қажеттілік қарастырылады.

Облыс әкімі жоспарланып отырған балалар алаңы және басқа да шағын алаңдардың барлығының жеке-жеке жобасын сұрады. Оған әзірше қала әкімдігі дайын болмай шықты.

Амандық Баталов жатақхана салып жатқан компанияға ескерту жасады
Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Көктем болса, келді. Сіздер әлі қай жерге қандай ағаш егетіндеріңізді білмейсіздер. Жатақхана маңайын абаттандырғанда оның басқа ғимараттармен, тұрғын үйлермен шектесетін тұсының қалай үйлесетінін де әлі ойластырған жоқсыздар. Осы жұмыспен күнделікті айналыссаңыздар, егетін әр ағашты, төсейтін әр плитаны жатқа білер едіңіздер. Келесі аптада барлық жобаны егжей-тегжейлі таныстыратын болыңыздар, — деді Амандық Баталов.

Амандық Баталов мердігер компания өкіліне де ескерту жасады.

Жұмыс істеп жатқан адамдар неге аз? Ертеңнен бастап осы аумақта жұмыс қайнап жататын болсын. Мен күнде өтемін осы тұстан. Бақылап қарап отырамын, — деді ол.

Облыс басшысы Амандық Баталов Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры Қуат Баймырзаевқа оқу орнының инженерлік желілерге және басқа да техникалық жағынан жауапты мамандарына ғимаратты мұқият қабылдап алуды тапсырды.

Бұл нысан — Елбасының «бес әлеуметтік бастама» аясында жүзеге асыру мақсатында Талдықорғанда арнайы салынған жатақхана.

Мұнан соң облыс әкімі жабық жүзу бассейнінің құрылысымен танысты. Бассейн күніне 750 адам қабылдайды. Облыс әкімі ішкі әрлеу жұмыстарының жобасын бірлесіп қайта жасау керек екенін айтты. Қазір бұл нысандағы құрылыс жұмыстарының 70%-і аяқталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *