Мазмұнға өту
Басты бет / Қоғам /

Қасым-Жомарт Тоқаев журналист Михаил Дорофеевті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Михаил Дорофеев. Фото: Akorda.kz

Ақорда сайтының хабарлауынша, журналист Мемлекет басшысына отандық ақпарат кеңістігіндегі ахуал жөнінде ой-пікірін айтты. Сонымен қатар әңгімелесу барысында бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілетін арттыруға, мемлекеттік ақпараттық тапсырысты тиімді жүзеге асыруға, журналистер құқығын қорғауға қатысты мәселелер сөз болды.

Михаил Дорофеев Қылмыстық кодекстің жала жабу туралы 130-бабын қылмыс деп танымау жөнінде шешім қабылдағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа медиақоғамдастық атынан алғыс білдірді.

Президент кездесуде телевизиядағы сапалы контентті дамытудың маңызды екенін және мемлекет тарапынан отандық БАҚ-қа қолдау көрсетіле беретінін айтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *