4G желіcі

Қазақстан — цифр технологияларын енгізу мен өңірде ұялы байланыс трафигін тұтыну бойынша көшбасшы елдердің бірі. 4G желісі 2020 жылы операторлар кірісінің өсуі үшін басты драйвер болады. Биыл 4G дами түседі, ал операторлар 5G байланыс желісін тестілеуге көшті.

технология
Фото: Ixbt.com

TWS-құлаққап

Бүгінде True Wireless Stereo концепциясы бойынша жасалған сымсыз құлаққап қолданысқа енді. Бұл құлаққап дыбыс сапасы жағынан да, қызметі, ыңғайлылығы және бағасы жағынан да озық болып тұр. 2020 жылы TWS-құлаққап ең көп сұранысқа ие әрі бірегей әмбебап сыйлыққа айналады.

технолгия
Фото: Damsovet.net

Смартфонмен төлем жасау

Қазақстандағы  Digital технологиялардың дамуы еліміздегі мобайл банкинг пен байланыссыз төлем транзакцияларының жақсы көрсеткішке жетуіне мүмкіндік берді. Қазір көпшіліктің смартфоны мен төлем картасы бір-біріне біріктірілген. Соның арқасында олар дүкенде, мейрамханада, супермаркетте смартфонындағы қосымшалар арқылы төлем жасай алады. 2020 жылы осы аталған төлем жүйелері, мобайл қолданбалар және ниеттестік бағдарламалары процесі қарқынды дамиды.

технология
Фото: Moneysense.ca

Мемлекеттік қызметті телефонмен алу

Үкімет смартфон арқылы алуға болатын сұранысқа ие 5 мемлекеттік қызмет түрін атады. Олар: азаматтың сотталған-сотталмағаны туралы, атында жылжымайтын мүлік пен салық берешегі бар-жоғы туралы, әкімшілік айыппұлдары және зейнетақы аударымдары туралы ақпарат беру сервисі. Бұрын азаматтар Egov.kz электрон үкімет порталы арқылы ғана ақпарат алатын. Бүгінде олар EgovKzBot2.0 Telegram-боты, «ВКонтакте», Facebook әлеуметтік желіслері және eGov mobile жаңартылған қолданбасы арқылы қызмет ала алады. 2019 жылы қалта телефонына орнатылған eGov mobile қосымшасы мемлекеттік қызмет пен сервистің 28 түрін алуға мүмкіндік береді. Мобайл азаматтар базасында 7,6 миллионнан астам адам тіркелген.

технология
Фото: Matritca.kz

Флагман смартфондар

2019 жылы орташа баға санатындағы смартфондардың технологиялық мүмкіндігі өскеніне қарамастан флагман телефондарға сұраныс артып келеді. Оған себеп — ұялы телефонмен төлем жасау, мемлекеттік қызметті онлайн алу сияқты жаңа қызметтерді көбіне премиум девайс иелері пайдаланады. Осыған орай 2019 жылдың желтоқсанында Forward Leasing Қазақстандағы смартфондардың флагман модельдерін жыл сайын жаңартуға мүмкіндік жасады. Азаматтар Forward сервисінің көмегімен жаңа телефонды ай сайынғы төлемнің ең төменгі сомасымен пайдалана алады және жыл сайын оны жаңа модельге ауыстыра алады.

технология
Фото: Evangelikus.hu

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!