Алматы облысында биыл бес ауылға таза ауызсу беріледі

Әкімнің айтуынша, қазіргі кезде халықты ауызсумен қамтамасыз ету деңгейі 91%-ке жетті. Мәселе әлі толық шешілген жоқ. Қазір Қаскелеңдегі және Қарасай ауданындағы 23 елді мекенге су беру үшін құбыр салу жобаланып жатыр. Сонымен бірге Есікке және тағы сегіз елді мекенге сапалы ауызсумен жеткізу үшін Еңбекшіқазақ ауданында жалпы құны 4,5 миллиард доллар тұратын су құбырының жобасын әзірлеу қолға алынды.

Биыл барлығы 330 шақырым су құбыры салынады. Бес ауыл таза ауызсуға қол жеткізеді, 21 елді мекенде су құбыры жөнделеді.

Президент тапсырмасы бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Талдықорған- Өскемен, Үшарал — Достық, Күрті — Бурылбайтал, Ұзынағаш — Отар бағытындағы автокөлік жолы жаңартылып жатыр. Жалпы ұзындығы 1 526 шақырым болатын жол жаңарып, облыстың транзит мүмкіндігін арттырады.

Бүгінге дейін өңірде облыстық және аудандық маңызы бар 492 шақырым жол және 108 елді мекеннің көшесі жөнделді.

Қазір жергілікті маңызы бар жолдардың 81%-і қанағаттанарлық жағдайда. 2020 жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 84%-ке жетеді деген жоспар бар.