Басты бетЖаңалықтарБүгінге дейін...

Бүгінге дейін шекарада қанша адам коронавирусқа қарсы тексерілді?

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2020 жылдың 6 қаңтарынан 19 ақпанға дейін Қазақстанға Қытайдан 31 548 адам келді.

Шекарадағы санитария-карантин пункті мамандары бұл азаматтардың бәрін тексерді. Дәрігерлер елімізге кейінгі 14 күнде келген 1 246 адамды бақылауға алды. Ауруханаға 106 адамды жатқызды.

Жалпы, мамандар 6 қаңтардан бері Қытайдан келгендер арасынан тынысалу жолдарының жіті вирустық инфекциясы белгісі байқалған 165 адам оқшаулаған, оның 157-сі бақылаудан шығарылды. Стационарларда 8 адам ғана қалды.

Ухань мен Бейжіңнен эвакуацияланғандардың бәрі карантиннен шықты. Ешқайсынан коронавирус анықталған жоқ. Қытайдан Қазақстанның үш азаматы Ресейге және бес азаматы Өзбекстанға эвакуацияланған еді. Олардан да қауіпті вирус анықталған жоқ.

Денсаулық сақтау министрлігі жаңа коронавирус инфекциясынан сақтану үшін мынадай кеңес береді:

— қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
— қолды залалсыздандыруда спиртті антисептиктерді қолдану;
— адамдар көп жиналатын орындарға бармау;
— науқас адамдармен байланыста болмау;
— суық тию белгілері (жоғары температура, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауыруы) пайда болған жағдайда тұрғылықты мекенжай бойынша дәрігермен кеңесу.

Коронавирус инфекциясы бойынша басқа да ақпаратты «1406» нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталыққа хабарласып алуға болады.

Кейінгі мәлімет бойынша Қытайда коронавирус жұқтырғандардың саны 74,1 мыңнан асты, 2004 адам қайтыс болды. Коронавирус инфекциясы Қытайдан басқа тағы 25 елде тіркеліп отыр.

2020 жылғы 19 ақпандағы Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

2020 жылғы 19 ақпандағы Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайҚХР мен шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда.Мәселен, 2020 жылғы 6 қаңтардан 19 ақпанға дейін елімізге 31 548 адам келді.6 қаңтар — 19 ақпан аралығында Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің санитариялық-карантиндік пункттерінің мамандары халықаралық әуежайларда және теміржол вокзалдарында Қытаймен шекаралас мемлекеттер арқылы өткізу пункттерінде – 31 548 адамды қарап-тексерді.Мониторингке барлығы 24 433 келгендер алынды, 23 792 қамтылды, мониторингтен 23187 алынды, соңғы 14 күнде келген 1246 адам медициналық бақылауда қалды және ауруханаға жатқызылғандар 106 адам.Бүгінгі күнге дейін ЖРВИ белгілерімен 165 адам көпшіліктен оқшауланып, емдеуге жатқызылды, оның 157 шығарылды, стационарларда медициналық бақылауда 8 адам қалды.Үш авиарейспен ҚХР-ның Ухань қаласынан және Пекин қаласынан эвакуацияланған Қазақстан Республикасының барлық азаматтары шығарылды. Барлық COVID-19 зерттеу нәтижелері теріс.ҚХР Ухань қаласынан Ресей Федерациясына (Түмен облысы – 3 адам) және Өзбекстан Республикасына (5 адам) эвакуацияланған Қазақстан Республикасы азаматтарының жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы жоқ, ЖРВИ белгілері мен шағымдары анықталған жоқ.Емдеуге жатқызылғандардың барлығының сынамасын қосымша бақылау үшін Алматыдағы Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығына жіберілді. Бұл орталық жаңа коронавирусты ПТР-диагностикалау әдістемесін игерген.Республикада қолдаушы терапия үшін қажетті дәрілік заттар мен медициналық мақстаттағы бұйымдар бар, инфекциялық ауруханаларда оқшаулауға арналған бокстар бар орындар, дәрігерлік және орта медицина персоналы дайындалған.Бұл жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында екенін атап өту қажет.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жаңа коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін келесі алдын-алу шараларын сақтау қажет:- қолдарыңыз бен бетті сабынмен жиі және мұқият жуыңыз;- қолды залалсыздандыруда спиртті антисептиктерді қолдану;- адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болыңыз;- науқас адамдармен байланыста болмауға;- суық тию белгілері (жоғары температура, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болған жағдайда, тұрғылықты жеріңіз бойынша дәрігермен кеңесу керек.Ресми ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің Фейсбуктегі парақшасынан оқи аласыздар және туындаған сұрақтар бойынша 1406 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін Call-орталығына қоңырау шалуға болады.

Опубликовано Министерство здравоохранения Республики Казахстан Среда, 19 февраля 2020 г.